Еліміздің бірқатар өңірлерінде болған ауқымды су тасқыны және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Т.Тоқаевтың тапсырмасына байланысты біз жоспарланған форумды 2024 жылдың қыркүйек айына ауыстыруға мәжбүрміз.
Біздің іс-шараға қызығушылық танытқандарыңыз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз және оны кейінге қалдыруға байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз.
Форумның мақсаты:
Форумның мақсаты: ғылымның әлемдік жетістіктерін, х и р у р г и я л ы қ қоғамдастықтың клиникалық тәжірибесі мен білімін біріктіру, соңғы инновациялық технологияларды пайдалана отырып,
хирургиялық қызмет бойынша өзекті практикалық тәжірибе алмасу.
Форумның форматы инновациялық, аз инвазивті және қауіпсіз хирургияға байланысты мәселелерінді талқылауға арналған сарапшылық сұхбат алаңын.
NeuroAddicts
Форум қатысушыларына операциялық бөлмелерден жүргізілетін демонстрациялық операциялардың онлайн трансляциясымен әлемге әйгілі на танымал жетекші интервенциялық нейрорадиологтар мен эндоваскулярлық хирургтардың қатысуымен өтетін төртінші халықаралық «NeuroAddicts» форумына, сондай-ақ операциялық бөлмелерден күрделі демонстрациялық операциялардың онлайн трансляциясымен әлемге әйгілі жетекші эндоскопиялық гинекологтардың қатысуымен өтетін Қазақстан гинеколог-эндоскопистері қоғамдық бірлестігінің «Гинекологиядағы эндоскопиялық хирургияның заманауи аспектілері» VIII халықаралық конгрессіне қатысуға бірегей мүмкіндік беріледі.
Форумның негізгі бағыттары:
Форумның негізгі бағыттары: нейрохирургия, кардиохирургия, аритмология, қантамыр хирургиясы, интервенциялық кардиология, оториноларингология,
травматология, ортопедия, проктология, урология, хирургиялык онкология,
эндоскопия, шуғыл хирургия, анестезиология, реанимация,
гинекология, пластикалық хирургия, роботталған хирургия және мейіргер ісі.
Сондай-ак, Форум шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы соңғы жаңалықтар мен жетістіктердің медициналық көрмесін өткізу жоспарлануда.
Сіздерді және әріптестеріңізді Форумға қатысуға шақырамыз.
Форум бағдарламасы:
- 2024 жылдың 21 қыркүйек: пленарлық ғылыми сессия, баяндамалар, бағыттар бойынша секциялық отырыстар; трансляциялық шеберлік сыныптары;
- 2024 жылғы 22 қыркүйек: ғылыми сессия, баяндамалар, бағыттар бойынша секциялық отырыстар; трансляциялық шеберлік сыныптары;